Алматы мен Астанадан кейін Қарағандыны да нөсер жаңбыр суы басты
Сурет: Instagram/denski_blog
Қарағанды қаласының тұрғындары 2023 жылдың 10 тамызында әлеуметтік желіде су басқан көшелердің видеосын жариялап, жаппай бөлісе бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаладағы вокзалдың алдындағы алаңның су басқан суреттері Instagram-дағы Denski_blog парақшасында пайда болды.
"Біздің қалада жаңбыр суын ағызып әкететін кәріз желісі жұмыс істемейді ме?"- деп жазыпты сурет авторы таң қалып.
Оның астына жазылған пікірлерде кейбір қала тұрғындары бүкіл қаланы су басқанын атап өткен:
- "Бүкіл қаланы су басты".
- "Майқұдық" ықшам ауданында нөсермен бірге бұршақ та жауды".
- "Қарағандыны су басты, аулаларда не болып жатқанын бір Құдай біледі, масқара енді. Су тобықтан асады".
Сондай-ақ, қала тұрғындары "автобустан түскен бетте суға малшынған адамардың" видеосын жариялады. Бұл вокзал маңы екені нақтыланады.
Zakon.kz редакциясы қалалық әкімдікке сауал жолдады. Олар қолайсыз ауа райының салдары туралы кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript