Алматы облысында екі баласы бар отбасы қар құрсауында қалып, түнді тауда өткізді
Сурет: Zakon.kz
ТЖМ мәліметінше, екі ересек пен екі бала Шонжы маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай көлікпен шыққан, алайда үйіне жетпеген. Оларды іздеуге Алматы облысының құтқарушылары мен "Барыс" жасағының қызметкерлері жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары қиындаған, себебі отбасы басшысының телефоны өшірулі болған, ал таулы аймақта қар жағдайы күрделі болған. Жоғалғандар таңғы сағат 5:00 шамасында Асы үстірті маңынан, Бартоғай су қоймасына жақын жерден табылды. Олардың жол талғамайтын көлігі қарға батып қалған.
Ешкімге медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар көлікті тазартылған жол бөлігіне дейін сүйреп шығарды.
ТЖМ өкілдері таулы аймаққа сапар алдында ауа райы мен жол жағдайын алдын ала ескеріп, бағыттың қауіпсіздігін тексеру қажет екенін еске салды.