"Құны 80 млрд доллар". Әлемдегі ең ірі алтын кен орыны табылды

Сурет: pixabay
Қытайдың орталық бөлігінде мың тоннаға жуық алтын қоры бар жоғары сапалы алтын кен орны табылды. Сарапшылар оның құны 83 миллиард доллардан асатынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың мұндай бағалауы бұл кен орнын бұрын-соңды табылған ең үлкені және ең құндысы деп атауға мүмкіндік береді, деп жазады ScienceAlert порталы.

"Кен орыны Хунань провинциясының Пинцзян округінде орналасқан. Провинцияның геологиялық бюросының мамандары екі шақырымға дейінгі тереңдікте 40 алтын құрамдас төмпешігін тапты, ал 3D модельдеу қосымша резервтердің болу ықтималдылығын көрсетті", делінген хабарламада.

Кеннің әр тоннасында 138 граммға дейін алтын бар. Бұл стандартты көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Сарапшылардың айтуынша, тоннасына сегіз грамнан астам алтыны бар кен қазірдің өзінде жоғары сапалы болып саналады.

Бұрын Дубайда рекордтық салмағы 300 келі болатын алтын құйма жасалған. Ол Гиннестің рекордтар кітабына адамзат тарихындағы ең үлкен алтын құймасы ретінде енгізілді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті