Газадағы әскери қақтығыс басталғалы бері қанша палестиналықтың қаза тапқаны белгілі болды

Сурет: pixabay
Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 7 қазанынан бері 44 429 палестиналықтың көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Alarabiya news мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде 47 адам бақилық болған, сондай-ақ, соғыс басталғаннан бері тек Газаның өзінде 105 250 адам жарақат алды.

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот 2024 жылдың 21 қарашасында Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантты тұтқындауға санкция берген болатын.

Сондай-ақ, 2024 жылдың 28 қарашасында израильдіктердің Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап еткені хабарланған болатын.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті