Чад президенті сарайының маңында атыс болды

Сурет: Facebook/GMahamatIdi
9 қаңтарға қараған түні Чад астанасы Нжамен қаласында президент сарайының жанында атыс дауыстары естілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

AFP дерегінше, сарайға апаратын жолдар жабылды. Көшелерге танк қойылды.

Президент Махамат Идрис Деби шабуыл кезінде сарайда болған. AFP тілшісі қақтығысты Боко Харам содырлары жасағанын, нәтижесінде қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін айтты. Шабуыл тойтарылды.

"Бұл шағын оқиға болды... Барлығы тыныш. Елдегі тұрақсыздандыру әрекеттерінің алды алынды", – деді Үкіметтің баспасөз хатшысы және сыртқы істер министрі Абдераман Куламаллах өзінің Facebook парақшасында тікелей эфирде.

Оның айтуынша, бейне президент сарайының аумағында түсірілген. Сондай-ақ, ол атыс кезінде қаза тапқандардың арасында 18 шабуылшы және бір қауіпсіздік қызметкері бар екенін айтты.

29 желтоқсанда Чадта 13 жылда алғаш рет парламенттік сайлау өтті. Ол елдегі өтпелі кезеңді тоқтатуға қадам болады деп күтілген. Мұндай әрекеттер 2021 жылдан бері, билікке көтерісшілермен қақтығыста қаза тапқан президент Идрис Дебидің ұлы Махамат Идрис Деби келгеннен бері араға уақыт салып қайталанып келеді.

Бұған дейін полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындағаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді