Аштан өлтірді: ресейлік әйел баласын 80 күн бойы тамақтандырмаған

Фото: freepik
Мехикодағы үйлердің бірінен ауыр хәлдегі алты жасар бала табылды. Оны анасы біраз уақыттан бері тамақтандырмаған, салдарынан бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

34 жастағы ресейлік әйел бес жыл бұрын баланың әкесімен ажырасып кеткен, алайда содан бері одан алимент ала алмай келеді. Осылайша, ол психикалық ауытқуларға тап болған.

Әйелдің таныстарының айтуынша, оның мінез-құлқы 2023 жылы өзгере бастаған. Ол сол уақытта отбасын асырау үшін тынымсыз еңбек еткен. Содан бері, тұйықталып, көрсетілген қолдауларды да қабылдамаған.

Мексикадаға тергеу кезінде әйел баласын 80 күн бойы тамақтандырмағанын айтқан. Осылайша ол алимент төлемеген әкені "жазаламақ" болыпты. Дегенмен, әйелдің құрбылары оның баласы үшін бәріне дайын екеніндігін алға тартады.

Қазір әйел Ресейде. "Газета.Ru" дерегінше, Кубадан елге қайтар ұшақ билетін оған ата-анасы алып берген. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, оның алимент төлеу процесі әлі күнге шешілмеген. Айта кетерлігі марқұмның әкесі — ауқатты адвокат, университеттің құқықтық Этика профессоры.

Бұған дейін Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы атысты доғару бойынша өзара келісімге келгендігі хабарланған болатын.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды