Германияда ер адам ұлы мен жұбайын уландырмақ болды деген күдікке ілінді

Сурет: pixabay
2024 жылдың желтоқсан айының басында Баварияда ер адам жұбайы мен ұлын пеште қыздырылған пиццамен уламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild дерегінше, 55 жастағы әйел мен оның 25 жастағы ұлы кенеттен өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем көлігімен улану белгілері бар ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, науқастардың өмірін құтқарып қалған. 

Ал, 56 жастағы ер адам бірден Францияға қашып кеткендіктен, полиция оны күдікті ретінде таныған. Алайда, ол көп ұзамай Францияның оңтүстігінде тұтқындалып, неміс түрмесіне жіберілді.

Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам мұздатылған тағамға белгілі бір өсімдік уын қосқан.

Тергеу жүргізілуде.

Бұған дейін ресейлік әйелдің баласын 80 күн бойы тамақтандырмай, аштан өлтіргендігі хабарланған болатын. 

Германия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

Астрологтар 7 қарашада қаржы жағынан жолы болатын үш жұлдыз белгісін атады

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады