Анасы 14 жасар ұлын үй шаруасына көмектеспегені үшін өлтіріп тастаған

Фото: pexels
АҚШ-та жан түршігерлік оқиға болды. 29 жастағы америкалық келіншек 14 жасар ұлын үй жұмысын орындамағаны үшін сабап өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нью-Йорк постының хабарлауынша, Сиэтл тұрғыны жасөспірім ұлын үй жұмысын орындамаған соң ұзартқыш сыммен ұрып өлтіргені үшін айыпталды. Әйел полицияға оны тәртіпке салу шараларында "тым шектен шыққанын" мойындады.

Баласы жауап бермеген соң ғана ата-ана ұруды тоқтатқан.

Бір қызығы, айыпталушы бұл істі қарауға сотқа келмеді. Оның қоғамдық қорғаушысы ұлын жоғалтудан алған жарақатын алға тартып, оны босатуды талап етті.

Алайда судья 3 миллион доллар кепіл сұраған прокурорларды жақтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұған дейін зейнеткердің түрмеде тегін "өмір сүру" үшін қылмыс жасағаны белгілі болған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды