Индонезияда қолтырауындардың шабуылы жиіледі

Сурет: pixabay
Индонезияда адамдарға қолтырауындардың шабуылы күшейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Рейтер" агенттігінің жазуынша, былтыр елде жыртқыш 180 адамға ауыз салып, оның жартысынан астамы мерт болған, деп хабарлайды 24kz.

"Бұл – әлемдегі ең жоғары көрсеткіш", – дейді мамандар.

Аузы апандай қолтырауындардың дене тұрқы 4 метрге дейін жетеді. 1999 жылы Индонезияда қолтырауындарды аулауға тыйым салған заң қабылданды.

Сондықтан тұрғындар: "Үкімет тарапынан арнайы қолдау болмаса, жыртқыштармен ашық күресу мүмкін емес", – дейді.

Маған 7 ай бұрын ғана қолтырауын шабуыл жасады. Өзенге қоқыс тастауға барған едім. Аяқ астынан жыртқыш бас салып, тістеп, жұта бастады. Жан дауысым шықты. Күйеуім естіп, жүгіріп келіп, қолтырауынның аузынан сүйреп алып шыққан. Терең күйзеліске ұшырадым. Қазір суға мүлде жолағым келмейді. Балаларыма да өзенге бармаңдар деймін. Мунипра, жергілікті тұрғын
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған