Трамп әлемдегі ең қымбат атқыш ұшақты жасап шығуға тапсырыс берді

Сурет: Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Boeing аэроғарыштық корпорациясына NGAD бағдарламасы бойынша алтыншы буынды атқыштар ұшағын әзірлеу туралы келісімшарт ұсынылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Трамп Пентагонның бастығы Пит Хегсетпен бірге Ақ үйден тікелей трансляцияға шыққан кезде айтты. Трамп атқыш ұшақтың F-47 деген атауға ие болатынын мәлімдеп, эксперименттік модельдің сынағы бес жылдан бері жүргізіліп келе жатқанын еске салды.

"Жаңа атқыш үшақ жылдамдықты екі есеге дамытып, ең озық жасырын технологиялармен жабдықталады. Америка Құрама Штаттарының одақтастары бұл ұшақтарға тапсырыс бергісі келіп, қызығушылық танытуда, бірақ олар тек "қысқартылған" нұсқаны ала алады", – деп атап өтті Трамп.

Бұған дейін The Wall Street Journal газеті мұндай әскери ұшақты жасап шығу үлкен соманы қажет ететіні айтып, оны "миллиардтаған доллар" деп бағалаған. Бұл тарихтағы ең қымбат және күрделі ұшақ болмақ. 2025 жылдың 21 наурызында Трамп Илон Маскты Қытаймен арада соғыс тұтанған жағдайда құрылған АҚШ-тың құпия жоспарымен таныстырады деген ақпаратты жоққа шығарды.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі