Танымал әнші Таркан Түркиядағы халық толқуына қатысты пікір білдірді

Сурет: Facebook/Tarkan
Түріктің танымал эстрада әншісі Таркан Ыстамбұлда болып жатқан оқиғаларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол наразылық акциясына шығушылардың талабы орынды деп санайды. Әнші адамдар өз құқығы мен бостандығы үшін күресіп жатқанда сырттай қарап тұра алмайтынын айтады.

"Барлық әділетсіздіктер, заңсыз сот процестері және заңды процедураға сай келмейтін әрекеттер адамдардың бүгіндері демонстрацияға шығуға мәжбүр етіп отыр. Демократияны жақтаушылардың көп болуы мені қуантады. Біздің адамдар әділетсіздікке қарсы тұрып, тұтаса саяси өмірге белсене араласып жатуы менде бір жағынан мақтаныш, тағы бір жағынан уайым сезімін оятты. Біз әділетті және еркін болашақ үшін абсолютті тәуелсіздікке, заң үстемдігіне деген сенімімізді жоғалтпай біріге алатынымызды көргеннің өзі бір ғанибет",  деп жазды әнші Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін қамауға алынған Ыстамбұл мэрі президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын. Сондай-ақ Түркияда толқу әлі жүріп жатқанын жазғанбыз. Ердоғанның басты оппоненті ұсталып, түрік лирасының құны рекордтық деңгейге дейін құлдыраған еді. 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін