Ресей мен Украина қақтығысы: Трамп ұсынған бейбіт келісімнің мазмұны белгілі болды

Сурет: whitehouse.gov, kremlin.ru
АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы жағдайды реттеу жоспарының мазмұны жайлы ақпарат америкалық БАҚ беттерінде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай АҚШ 23 сәуір күні Украинадан бейбіт келісімнің шеңберлік құжатына қатысты жауап күтуде. Бұл құжатта АҚШ-тың Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындауы және 2022 жылғы басқыншылықтан бері Ресей бақылауына өткен аумақтардың көпшілігін бейресми түрде мойындауы қамтылған. Бұл жайлы Axios басылымына ұсыныспен тікелей таныс дереккөздер хабарлаған.

АҚШ-тың украиналық шенеуніктерге өткен аптада Парижде таныстырған бір беттік құжаты Трамп әкімшілігінің "соңғы ұсынысы" ретінде сипатталған. Бұл ретте, Ақ үй келісім жақын арада жасалмаса, келіссөздерден бас тартуға дайын екенін ескерткен.

"Трамптың ұсынысы Украина президенті Владимир Зеленскийден елеулі жеңілдіктерді талап етеді, ал ол бұған дейін Қырым мен Украинаның шығысындағы төрт облыстың Ресей тарапынан басып алынуын мойындау мүмкіндігін жоққа шығарған еді. Ал Ресей президенті Владимир Путин қазіргі майдан шебін бекітіп, осылайша келісімге келуді ұсынғанымен, бұған дейін америкалық бастама аясындағы өзге ұсыныстарды, мысалы, Еуропалық бітімгер күштерді Украина аумағына орналастыру идеясын қабылдамай тастаған", – деп жазады басылым.

Украина үкіметіне жақын дереккөздің айтуынша, Киев бұл ұсынысты Ресейге аса біржақты деп санайды:

"Ұсыныста Ресейдің алатын нақты артықшылықтары айқын көрсетілген, ал Украинаға тиетін пайда тек жалпылама және анық емес сипатта ғана баяндалған".

Трамптың ұсынысы бойынша Ресей не алады

Трамптың ұсынысы бойынша Украина не алады

Жоспардың басқа элементтері

БАҚ бұл жоспар Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Өткен аптада Путинмен кездескеннен кейін жасалғанын және кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылғанын жазды.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты