Ұлыбританияда жалдамалы пәтер құны шарықтауда

Сурет: pexels
Ұлыбританияда жекеменшік жалға берушілер мен қонақүй иелері аз қамтылған азаматтарды орналастыру үшін нарықтық жалдау құнынан әлдеқайда жоғары ақы алып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының жүргізген зерттеуіне сәйкес, Англияда 100 мыңнан астам отбасы жалдамалы баспанада өмір сүріп жатыр, олардың көпшілігінің үйі жоқ.

Уақытша тұрғын үйде тұратындардың басым бөлігі – балалары бар отбасылар. Қазіргі уақытта елде 164 мың бала уақытша баспанада өсіп жатыр. Бұл отбасылардың шамамен 17 мыңы жалдамалы үйлерде бес жылдан астам уақыт бойы тұрып келеді.

2024 жылы Ұлыбритания билігі уақытша тұрғын үйлерге 2,1 миллиард фунт стерлингтен астам қаражат жұмсады – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен үштен бірге көп.

Бұл ретте, көптеген аз қамтылған азаматтар жатақханалардағы бөлмелерде, жекеменшік пәтерлерде, қонақ үйлер мен мотельдердегі орындарда тіршілік етуде.

Бұған дейін БАӘ өзбекстандықтар үшін визасыз режим шарттарын күшейтуі мүмкін екендігі жайлы жазған болатынбыз.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді