Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде

Сурет: freepik.kz
Мадрид мэрі Хосе Луис Мартинес Альмейда қалаға электр жарығының сөнуіне байланысты туындаған төтенше жағдайды еңсеруге көмектесу үшін әскерилерді жіберуді сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

El Mundo газетінің хабарлауынша, Испания астанасының қалалық кеңесі кешке дейін электр қуаты қалпына келмесе, жағдайдың ушығып кету ықтималдылығынан қауіптеніп, қобалжулы. 

"Мэрге жақын дереккөздердің айтуынша, ол да аймақ басшысы Исабель Диас Аюсоның Мадридке әскер әкелу туралы өтінішіне қосылған", делінген хабарламада.

Бұған дейін бүкіл Еуропада электр жарығының жаппай өшіп қалғаны хабарланған болатын. Испания мен Португалияда көлік кептелісі туындап, бағдаршамдар мен байланыс қызметі де істен шыққан. 

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты