Жапонияның ең жылдам пойызы жыланның кесірінен тоқтатылды

Сурет: pexels
30 сәуірде Жапониядағы ең көп жүк тасымалдайтын пойыз желісі тоқтатылды. Оған себеп, бір метрлік жылан электр желісіне оралып алған, бұл желінің қысқа тұйықталуына әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметінше, Токио мен Осака арасында жүретін Shinkansen пойызы 17:25-те Майбара мен Гифу-Хашима станциялары арасында тоқтатылды.

Жылан электр бағанасына көтеріліп, желі бойымен жылжуға тырысқан. Электр қуаты 19:00-ден кейін ғана қалпына келтірілді.

Shinkansen пойызы 1964 жылы өткен Токио Олимпиадасына орай ашылған. Бүгінде бұл пойыз 7 миллиардтан астам жолаушыны тасымалдаған. Ол қауіпсіздік жағынан үлгілі беделге ие. Бұған дейін онымен байланысты ешқандай жарақат немесе апат тіркелген жоқ.

Бұған дейін Кенияда арыстанның жасөспірімге шабуыл жасап, қыздың денесін тістеген күйінде алып кеткендігі жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді