Австриядағы "қаралы күн": мектептегі атыстан 10 адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Австрия полициясы 10 маусымда мектепте атыс ұйымдастырған 21 жастағы австриялық шабуылшының мәйіті мектептің дәретханасынан табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News мәліметінше, Ішкі істер министрі Герхард Карнер атыс кезінде Грац қаласындағы BORG Dreierschützengasse орта мектебінде 12 адамның жараланғанын айтты.

Қаза тапқандардың ішінде оқушылар да, ересектер де бар. Министрдің айтуынша, күдікті — мектептің бұрынғы оқушысы, бірақ оқуын аяқтамаған.

Австрия Еуропада қару иелену деңгейі ең жоғары елдердің бірі саналады, дегенмен, осындай жаппай атыстар елде өте сирек кездеседі. Ұлттық аза тұту күндерінен кейін қару туралы заңдар мен олардағы олқылықтар жөнінде жалпыхалықтық пікірталас өтеді деп жоспарланып отыр.

Билік өкілдері күдіктінің екі түрлі қаруы болғанын айтады. Болжам бойынша, олар – мылтық пен тапанша, әрі ол бұл қаруларды заңды түрде иеленген болуы мүмкін.

Полиция оның бұл әрекетке неліктен барғанын зерттеуде.

Бұған дейін Ресей мен Украина бейбіт келіссөздерден кейін тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңін өткізгендігін жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі