Ресей мен Украина бейбіт келіссөздерден кейін тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңін өткізді

9 маусым күні Ресей мен Украина өткен аптада Стамбұлда өткен бейбіт келіссөздер барысында жасалған келісімге сәйкес тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский алмасуға жарақат алған сарбаздар мен жасы 25-тен аспайтын азаматтар кіргенін айтты. Босатылған тұтқындардың нақты саны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Сурет: Telegram-канал Владимира Зеленского
"Бүгін Стамбұлда келісілген тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңі басталды. Бұл тек бастамасы – келесі кезеңдер де болады деп, ресейлік тараппен солай келіскен едік", – деді Зеленский дүйсенбі күні кешкі жолдауында.
Ресейлік тұтқындарға келер болсақ, қазіргі таңда олар Беларусь аумағында, мұнда оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек көрсетілуде. Кейін олар Ресейге жеткізіліп, Қорғаныс министрлігіне қарасты медициналық мекемелерде ем қабылдап, оңалтудан өтеді.
Еске сала кетсек, мамыр айының соңында Ресей мен Украина 2022 жылы басталған қақтығыстан бері ең ауқымды тұтқындар алмасуын жүзеге асырып, 390 әскери және бейбіт азаматты бір-біріне қайтарған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript