Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті

Түркия, Ыстамбұл, Ресей, Украина, келіссөздер, екінші раунд , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2025 20:53 Сурет: pixabay
Ыстамбұлда 2 маусымда Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Түркия СІМ өкілі келіссөздер "теріс сипатта аяқталмады" деп мәлімдеді. Ердоған келіссөздерді "керемет" деп атады.
  • Бүгін келіссөздер өз жалғасын таппайды, өйткені делегация өкілдері үйлеріне қайтқан.
  • Украина президенті Владимир Зеленский тараптар шиеленісті реттеу құжаттарымен алмасып, тағы бір тұтқындарды босатуға дайындалып жатқанын айтты.
  • Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров тараптар барлық ауыр науқастар мен 25 жасқа дейінгі тұтқындарды айырбастауға өзара келіскендерін мәлімдеді. Сондай-ақ, Умеровтың айтуынша, тараптар "6000-6000" формуласы бойынша қаза тапқандардың денелерін айырбастауға келіскен.
  •  Ресей делерациясының басшысы Владимир Мединский барлық жаралылар мен ауыр науқастар "барлығы бәріне" деген формула бойынша айырбасталатынын, соның ішінде жас сарбаздар да барын, кем дегенде мың адам туралы сөз болып отырғанын айтты.
  • Мединский мұндай айырбас үнемі, жұмыс тәртібімен жүзеге асырылып отыратынын нақтылады. 
  • Умеров Ресей атысты тоқтатуға және көшбасшылардың кездесуіне келіспегенін айтты. Мединский Ресей майданның жекелеген учаскелерінде атысты тоқтатуды ұсынды, онда да командирлер қаза тапқандардың денелерін жинап алуы үшін.
  • Умеров Украинаныңелге қайтару үшін жүздеген депортацияланған украин балаларының тізімін Ресейге бергенін хабарлады. Мединский мұндай тізім болмағанын айтты және оның айтуынша, "ұрланған бір де бір бала жоқ, тек ресейлік сарбаздар құтқарғаны болмаса", ал егер ата-аналары немесе қамқоршылары болса, балаларды кері қайтарады.
  • Украиналық тарап қақтығыстың аяқталу шарттары туралы ресейлік меморандум жобасын зерттеуге бір апта уақыт алды және маусым айының соңына дейін тағы бір кездесу өткізуді ұсынды.

Айта кетсек, 2025 жылы 16 мамырда Түркияда Ресей мен Украина арасында келіссөздер болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: