Ыстамбұлда Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды өтеді

Бұған дейін Владимир Зеленский Ресейге берген ультиматумынан кейін Трамппен сөйлесіп, Трамптың өзі де бірқатар маңызды саяси мәлімдемелер жасаған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 09:11 Сурет: pixabay
Ресей мен Украинаның келіссөздер жүргізетін делегациялары Түркияның Ыстамбұл қаласында қайта кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

KP.RU-ның хабарлауынша, Украинадағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздердің алдыңғы екі раунды Түркияның ең ірі қаласында өткен.

Үшінші кезеңнің қашан басталатыны әзірге белгісіз. Украин тарапы оны келесі аптада өткізуді ұсынды.

16 мамыр мен 2 маусымда өткен алдыңғы кездесулерде делегациялар тұтқындарды алмасу туралы келісті, сондай-ақ атысты тоқтату шарттары туралы бір-біріне меморандумдар ұсынды.

Бұған дейін Владимир Зеленский Ресейге берген ультиматумынан кейін Трамппен сөйлесіп, Трамптың өзі де бірқатар маңызды саяси мәлімдемелер жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: