Канадалық азамат лотереядан төрт рет джекпот ұтып алды

Сурет: pexels
Канадалық Дэвид Серкин – қатерлі ісікті жеңіп шыққан адам. Ол бір жыл ішінде тамыздан мамырға дейін аралықта үш түрлі лотерея джекпотын ұтып, жалпы сомасы шамамен 2,5 миллион доллар көлемінде жүлде жеңіп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, Дэвид Серкин тамыз, қараша және мамыр айларында жеңіске жеткен, сондай-ақ он жылдан астам уақыт бұрын тағы бір рет джекпот ұтып алған.

Сурет: Western Canada Lottery Corporation

Ресми деректерге сүйенсек, Серкин:

Соңғы ұтысты ол өзінің туған қаласы Летбридждегі жанармай бекетінде билет сатып алып, ұтыпты. Бұл джекпотты жеңу мүмкіндігі 33,3 миллионға 1 болған.

Серкиннің айтуынша, оның табысының сыры – ұзақ жылдар бойы үздіксіз және стратегиямен ойнауында. Ол лотереяны 1982 жылдан бері ойнап келеді.

Ол соңғы ұтыс билетін кездейсоқ сатып алғанын айтты – жанармай құйып тұрып, "Не жоғалтамын?" деген оймен ала салған.

Серкиннің достары оның тағы да ұтқанын естігенде: "Тағы да сен ба?!" – деп таңқалған. Ал әйелі бастапқыда сенбеген, осылайша екеуі ұмытылмас демалысқа аттанған.

Бұған дейін Үндістанда халық саны 1,5 миллиард адамға жақындағанын жазған болатынбыз.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды