Жапонияда "Twitter-дегі зұлым" деген атпен танымал ер адамды жұрттың көзінше дарға асты

Сурет: pixabay
Жапонияда Такахиро Ширайши немесе "Twitter-дегі зұлым" деген атпен танымал қаскөй 2021 жылы ең жоғары - өлім жазасына кесілген болатын, алайда сот үкімі бүгіндері ғана орындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NHK қоғамдық телеарнасының хабарлауынша, бұл - елдегі соңғы үш жылдағы алғашқы өлім жазасы, оны орындау туралы бұйрыққа әділет министрі қол қойған. Жапонияда өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады.

Шетелдік БАҚ оған қатысты мұндай жаза тоғыз адамды өлтіргені үшін қабылданғанын жазады.

Қылмыскер әлеуметтік желілер арқылы суицидке бейім жасөспірімдер мен жастарды өз пәтеріне алдап шақырып алатыны, содан кейін оларды өлтіріп отырғаны белгілі болды.

Соғыстан кейінгі кезеңде Жапонияда барлығы 105 қылмыскер өлім жазасына кесілді.

Бұған дейін Германияда анасы жаңа туған қызын өлтірді деп күдікке ілінгені хабарланған. Нәрестенің денесі мұздатқыштан табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме