"Мұздатқышқа салып қойған". Германияда әйел адам туған қызын өлтірді деген күдікке ілінді

Қыз, бала, мұздатқыш, Германия, әйел, ана, өлтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2025 22:33 Сурет: pixabay
Германияда 35 жастағы ана жаңа туған сәбиін қатыгездікпен өлтіріп, денесін мұздатқышта сақтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға Херинген қаласында (Гессен жері) 2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың сәуірі аралығында болған. Полиция туыла салысымен, баланың басынан бірден қатты затпен ұрғанын, соққы салдарынан миға қан кеткенін айтты.

Нәрестенің анасы мен оның 40 жастағы серіктесі қамауға алынғаны белгілі. Бірақ ер адам қамауға алынғаннан кейінгі ертеңінде босатылды, өйткені тергеу оның әйелдің жүктілігі туралы білетіндігін және босануға қатысқанын дәлелдей алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері белгісіз себептермен шешесі баланы өлтірген деп болжайды. Әйел адам қызының басынан ұрып өлтіріп, денесін азық-түлік салатын сөмкеге салып, мұздатқышқа жасырған. 

Сондай-ақ күдіктінің 10 және 14 жастағы қыздары бар екені белгілі.

Бұған дейін Ақтөбе облысында қылмыстық істер жөніндегі сот екі баласын өлтірген әйелге қатысты үкімді жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: