Қостанайлық ер адам әйелі мен баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 12:13 Фото: Zakon.kz
Қостанай тұрғыны өз үйін қанға бөктірді. 51 жастағы күдікті баласы мен әйелін өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK-ның жазуынша, өз үйінде жансыз денесі табылған әйел мен баланың өліміне кінәлі деген күдікке бірден отағасы ілінген. Өйткені, қылмыс болған жерге қызы келіп қалып, көршілердің үйіне жан сауғалап қашқан көрінеді. Мән-жайды білген тұрғындар көмек шақырып, қызды үйлерінде ұстап отырған. Полицейлер бірден Аманқарағай мен Әулиекөл ауданына апаратын жолды жауып, жедел іздестіру шарасын жүргізді. Күдікті бір тәуліктен кейін қолға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындады дейді полицейлер. Бірақ тергеу құпиясына сай, мұндай ауыр қылмысқа не үшін барғаны айтылмай отыр.

"Аталған факты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу оргондары барлық мән-жайды анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді, заңға сәйкес қатаң жазаланады". Ерлан Сералин, Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары

Бұған дейін Оралда 10 жастағы қызға шабуыл жасаған күдіктінің іздестіріліп жатқанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: