Алматы облысында жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдікке анасы ілінді

Сәби, Алматы облысы, полиция, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 19:01 Сурет: pixabay
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қараусыз ғимараттан өлі табылған жаңа туған сәбиге қатысты қосымша ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.


"Іздестіру жұмыстары барысында өлі шақалақтың биологиялық анасы анықталып, ол ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайларын анықтау бойынша қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: