Израиль Тегеранға әуеден шабуыл жасады. Иран президенті жарақат алды

Сурет: Zakon.kz
Иран президенті Масуд Пезешкиан және басқа да бірнеше шенеунік Израильдің Тегеранға жасаған шабуылынан кейін аяқтан жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fars агенттігінің хабарлауынша, 16 маусымда таңертең елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің отырысы кезінде әуеден соққыс жасалған.

"Эвакуация жолдарын жауып, ауа келмес үшін ғимараттың кіреберіс және шығатын есіктері алдына алты бомба тасталған", делінген басылым ақпаратында.

Агенттік шенеуніктер алдын-ала дайындалған апатты люк арқылы қашып үлгергенін айтады. Алайда, кейбір мәртебелі адамдар, соның ішінде Пезешкиан да аяғынан жарақат алды. Дәрігерлер жарақаттың ауырлық дәрежесін жеңіл деп бағалайды.

Бұған дейін Иранның АҚШ-пен ядролық келісім бойынша келіссөздерге қайта оралуға дайын екендігі белгілі болған. Бұл туралы СІМ басшысы Аббас Аракчи мәлімдеп, бірақ бұл ретте алға тартар белгілі бір шарттары барын айтқан болатын.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі