Акуланың шабуылынан аман қалған балықшы көпшілікті таңғалдырды

Сурет: pixabay
Америкалық балықшы Ченс Арманд акуланың шабуылынан кейін түсірілген суретін жариялады. Белгілі болғандай, жыртқыш оның аяғын тістеп, ауыр жарақат салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post басылымының жазуынша, ер адам оқыс оқиғаға Флорида жағалауынан 32 шақырым қашықтықта балық аулау сәтінде тап болған.

"Реакция жасауға үлгермедім – тек тіземді акула мен өзімнің арама тосқауыл ретінде қолдандым", – деді Арманд.

Басылымның мәліметінше, қайықтағы достары жараланған сүңгуірдің аяғына жейде, гарпунның резеңкесі және балықты бөлшектеуге арналған пышақтың көмегімен уақытша жгут жасап байлаған.

Ауруханада дәрігерлер акуланың сіңірлерге, сүйектерге және артерияларға зақым келтірмегенін анықтады.

"Бұл оқиға маған жақындарыммен өткізген әр сәттің қадірін білуді үйретті", – деді балықшы.

Бұған дейін Қытайда чикунгунья безгегін жұқтырудың 1300-ден аса жағдайы анықталғаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі