Аргентина президентінің кортежіне тас жаудырды

Сурет: Х/clashreport
Аргентина президенті Хавьер Милейдің қарсыластары оның сайлауалды шарасын өткізу кезінде кортежіне тас пен бөтелке лақтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

TN телеарнасының мәліметінше, оқиға Буэнос-Айрес провинциясындағы Ломас-де-Самора қаласында болды.

"Милей ашық төбесі бар көліктен жиналғандарға сәлем беріп бара жатқан. Оның қасында сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген қарындасы Карина Милей отырған", – делінген ақпаратта.

Осы сәтте оның жақтастары мен полиция және наразылық білдірушілер арасында қақтығыс басталған. Қауіпсіздік мақсатында президенттің күзеті мемлекет басшысын жедел эвакуациялады.

Президенттің ресми өкілі Мануэль Адорни тәртіпсіздіктерге экс-президент Кристина Фернандес де Киршнердің жақтастарын кінәлап, оқиға барысында ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

Еске салсақ, 2025 жылдың ақпанында Аргентинада президентке криптовалюта жарнамасына байланысты импичмент жариялау талабы көтерілген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды