Ғалымдар ерекше қызғылт-сары акуланы аулады

Сурет: Parismina Domus Dei
Коста-Рика жағалауында ғалымдар әлемде алғаш рет ресми түрде тіркелген ашық қызғылт-сары акуланы ұстап, қайтадан суға жіберді. Бұл теңіз жыртқышының ерекше түсі екі сирек генетикалық мутация нәтижесінде пайда болған көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post дерегінше, бұл ерекше жаратылыс ұлттық парк қызметкерлерінің зерттеу үшін балық аулауы кезінде кездейсоқ ұсталған. Ғалымдар акуланы суретке түсірген соң бірден бостандыққа жіберген. Зерттеу нәтижелері беделді Marine Biodiversity журналында жарияланды.

Ихтиологтардың пікірінше, жануардың ерекше түсі екі аурудың – ксантезизм мен альбинизмнің нәтижесі. Осы факторлардың қосындысы балыққа ерекше реңк берген.

Ғалымдар акуланың түсі оның өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп санайды, өйткені балық ересек жасқа жеткен. Ал, мутацияның ықтимал себептеріне сарапшылар туыстық шағылысуды, күйзелісті немесе гормондық теңгерімсіздікті жатқызуда.

Бұған дейін акуланың шабуылынан аман қалған балықшының көпшілікті таңғалдырғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев