Еуропаға жол тартып бара жатқан кемеде шамамен 70 адам сиқыр жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді

Сурет: pixabay
Африкадан Канар аралдарына жетпек болған мигранттар мінген кемеде шамамен 70 адам қатыгездікпен өлтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы Mirror басылымы жазды.

Ақпаратқа сүйенсек, кеме сынып, межеленген жерден шамамен 400 шақырым қашықтықта теңізде қалқып қалған. Алдын ала мәлімет бойынша, кемеге шамадан тыс салмақ келген – оның бортында 320 адам болған.

Тірі қалғандардың айтуынша, кейбір мигранттар атып өлтіріліп, Атлант мұхитына лақтырылған. Кейбір шетелдік БАҚ жолаушылардың аштық пен судың жетіспеушілігіне байланысты осындай қантөгіске барғанын жазды. Қаза тапқандар суды ұрлады және сиқыр жасады деп айыпталған.

20-30 шақты мигрант кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуге алынды. Қазіргі уақытта олар босқындарға арналған орталықтарда ұсталып отыр.

Белгілі болғандай, кеме бірнеше апта бойы мұхитта қалқып жүріп, ақыры оларды испан жағалау күзеті құтқарған.

Бұған дейін Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1400-ден асқанын жазғанбыз

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды