Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 1400-ден асты

Жер сілкінісі, Ауғанстан, қаза тапқандар, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 19:44 Сурет: видеодан алынды
Ауғанстанның жоғарғы көшбасшысының баспасөз хатшысы Хамдулла Фитрат елдегі жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың 1411-ден асқанын, ал зардап шеккендер саны 3,4 мыңға жуықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News жазғандай, зардап шеккендердің саны шамамен 3,4 мың адамды құрайды.

"Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 1457 адамға жетті, зардап шеккендер саны - 3 394. Аталған аймақта қираған үйлердің саны 6 782-ге жетті", - деді Фитрат.

Ауғанстанның бұқаралық ақпарат құралдары 2021 жылы Ислам әмірлігі билікке келгеннен бері Ауғанстанда кісі өліміне әкеліп соқтырған үш жер сілкінісі, сондай-ақ құрғақшылық пен су тасқыны болғанын жазады. 

Өткен жексенбіде түн ортасында Кунар, Лагман және Нангархар провинцияларында 6 баллдық жер сілкінісі болды, көптеген ауыл қирап, көптеген жылдар бойы қақтығыстар, кедейлік пен табиғи апаттардан әбден титықтаған денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісі салдарынан көптеген адам шығынына ұшырауына байланысты Ауғанстан басшылығына қайғыра көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: