Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 15:43 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты.

Өткен түні Ватапур, Маноги, Чапа-Дара, Сауки және Нур-Гул аудандарында болған жер сілкінісінің салдарынан шамамен 500 ауған азаматы қаза тауып, тағы мыңға жуық адам жарақат алды.

Ресми құрбандардың саны нақтыланып жатыр. Үйінді астында әлі де адамдар бар, сондықтан олардың саны арта түсуі мүмкін.

Жер сілкінісінің магнитудасы орташа болғанымен, ошағы 10 шақырым тереңдікте болғандықтан аса жойқын сипат алды. АҚШ Геологиялық қызметінің сайтындағы деректерге сәйкес, дәл осы өңірде магнитудасы 4,3-тен 5,2-ге дейінгі бес афтершок тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: