Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 09:26 Фото: Zakon.kz
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1400-ден асты. 3 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен.

8 мыңнан астам баспана қирады. Зілзала болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Табиғи апаттан қаза тапқандардың көбі дүмпу ошағына жақын орналасқан Кунар провинциясының тұрғындары.

Ресми мәліметтерге сай, марқұмдардың саны әлі де көбеюі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Бүтін бір ауылдар қираған. Батыс елдері Ауғанстанға зілзала салдарымен күресте көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

БҰҰ 5 млн доллар, Ұлыбритания 1 млн фунт стерлинг бөлген. Қытай, Үндістан мен Швейцария да гуманитарлық көмек жіберуге уәде етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: