Disney YouTube арқылы балалардың жеке деректерін заңсыз жинап келген

Сурет: pixabay
Walt Disney америкалық компаниясы АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы (FTC) қозғаған іс бойынша 10 миллион доллар өтемақы төлеуге келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNBC дерегінше, комиссия Disney кейбір YouTube видеоларын жүктеген кезде олардың балаларға арналғанын көрсетпеген деп айыптап отыр. Осылайша дұрыс таңбаланбаған бейнероликтер арқылы Disney 13 жасқа дейінгі көрермендердің жеке деректерін жинап, оларды балаларға арналған мақсатты жарнама үшін пайдаланған.

Шағымда Disney АҚШ-тағы балалардың интернеттегі құпиялылығын қорғау ережесін бұзғаны көрсетілген. Бұл ережеге сәйкес, 13 жасқа толмаған балаларға арналған веб-сайттар, қосымшалар және басқа да онлайн сервистер ата-аналарды жиналатын жеке ақпарат туралы хабардар етуі және деректерді жинамас бұрын ата-ананың келісімін алуы тиіс.

Сот Disney компаниясына өз видеоларын "балаларға арналған" деп дұрыс таңбалауды қамтамасыз ететін аудиторияны анықтау бағдарламасын енгізуді міндеттеді.

Сот шешіміне қатысты Disney өкілі:

"Disney балалардың құпиялылығын қорғау заңдарын сақтау тұрғысынан әрқашан ең жоғары стандарттарды ұстанып келеді. Біз бұл салада көшбасшы болу үшін қажетті құралдарға инвестиция салуды жалғастырамыз", – деп мәлімдеді.

Бұған дейін үндістандық әйелдің діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді