Ұлыбританияда герцогиня Кентская Екатерина дүниеден озды

Сурет: wikipedia/герцогиня Кентская Екатерина
92 жасында Ұлыбританияда герцогиня Кентская Екатерина дүниеден озды. Ол британдық корольдік отбасының ең егде жастағы мүшесі болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымы Букингем сарайына сілтеме жасай отырып, герцогиня өте көңілді әрі музыканы жақсы көретін адам болғанын жазады. Ол Уимблдон финалисін құшақтап, сүйіп корольдік хаттаманы да бұзған және отбасылық міндеттерінен бас тартып, Халл мемлекеттік мектебінде музыкадан сабақ берген. Ал шәкірттері оның корольдік отбасынан екенін білмеген. 

Сонымен қатар, ол музыкалық қайырымдылық ұйымдарын қолдап отырған. Спорт жанкүйерлері арасында Екатерина 32 жылдан астам уақыт бойы Уимблдон теннис турнирінің жеңімпаздарына кубоктар мен жүлделерді табыстау арқылы танымал болды.

"Букингем сарайы қатты қайғыра отырып, герцогиня Кентскаяның қайтыс болғанын хабарлайды. Ұлы мәртебелі ханым кеше түнде Кенсингтон сарайында өз отбасы ортасында өмірден өтті", делінген король III Чарльз кеңсесінің мәлімдемесінде.

Букингем сарайының үстіндегі жалау аза тұту белгісі ретінде төмен түсірілгені нақтыланады.

Бұған дейін 91 жастағы итальяндық модельер Джорджио Арманидың бақилық болғаны хабарланған.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін