Сән саласының үздік өкілі Джорджио Армани дүниеден озды
Сурет: Facebook/Giorgio Armani
Сән саласының үздік өкілі, итальяндық модельер Джорджио Армани 91 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаралы хабармен 4 қыркүйекте La Repubblica басылымы бөлісті.
"Armani тобы қатты қайғыра отырып, өз компания іргесін қалаушы және қажымас қозғалтқышы болған Джорджио Арманидің қайтыс болғанын хабарлайды. Қызметкерлер мен әріптестері әрдайым құрметтеп, дәріптеп атайтын синьор Армани соңғы күндерін өзінің жақындарының ортасында өткізді", делінген басылымның мәлімдемесінде.
Армани 1934 жылы 11 шілдеде Пьяченцада дүниеге келген. 1975 жылы ол Сержо Галеоттимен бірге Giorgio Armani компаниясын құрды, ол әлемдегі ең үлкен сән үйлерінің біріне айналды. Дизайнер сән индустриясы мен іскерлік киім стиліне айтарлықтай ықпал етіп, минималистік стилімен әлемге әйгілі болды. Оның брендіне киім-кешектер, аксессуарлар, косметика, жиһаздар мен қонақ үй желілері кіреді.
Бұған дейін теңгенің дизайнын жасаған авторлардың бірі, қазақстандық суретші Ағымсалы Дүзелханов қайтыс болғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript