Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета дүниеден озды
Сурет: pixabay
Патшайым 96 жасында Балморал қамалында дүниемен қош айтысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін күндіз Балморалда патшайым дүниеден озды. Букингем сарайының баспасөз қызметі
Елде 12 күн қатарынан аза тұту күні деп жарияланды.
Бұған дейін бүгін таңертең ІІ Елизавета патшайым денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерлердің бақылауына алынғаны хабарланған.
Сондай-ақ патшайымның Шотландиядағы Балморал резиденциясына отбасы мүшелері де жинала бастағаны айтылды. Атап айтқанда, ханзада Чарльз әйелі Камиламен бірге Балморал қамалына ат басын тіреген.
Британдық бұқаралық ақпарат құралдары патшайымның денсаулығының нашарлауын болжап, онлайн-трансляциялар жүргізді.
Лондондағы Букингем сарайы алдына патшайымның денсаулығының нашарлауына байланысты қарауылдың ауысу рәсімі тыйылғанын білдіретін белгі де қойылды.
Патшайым Британ тарихындағы кез-келген монархқа қарағанда ұзағырақ билік етті, бүкіл әлем оны өте сүйікті әрі құрметті тұлға ретінде қабылдады. Оның ерекшелігі де сол, билік ету кезінде кез-келген монархқа қарағанда көбірек ел аралап, көптеген тарихи шетелдік сапарларға болды. Өз парызы мен қызмет етуге деген адалдығымен баршаға үлгі патшайым үлкен әлеуметтік өзгерістер кезінде Ұлыбритания мен Достастықтың мықты тірегі болды. Букингем сарайының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript