Мария Шарапова карьерасын аяқтады

Getty Images, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 15:54 Getty Images
32 жасында тенниспен қош айтысты.

26 ақпанда Vanity Fair сайтында орыс теннисшісі Мария Шарапованың спорттық карьерасын аяқтағаны туралы ақпарат шықты.

32 жастағы Шарапова 28 жылдан бері теннисте жүрген.

Оның еншісінде Уимблдон (2004), US Open (2006), Australian Open (2008) және "Ролан Гаррос" (2012, 2014) кубоктары бар.

Қазір Мария WTA рейтингінде 145-ші орында тұр. 2016 жылы ол допингпен ұсталып, 15 айға жарыстардан шеттетілген. Соңғы кездері жарақаттарына байланысты турнирлерге тым сирек қатысып келген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2020 15:54

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: