Гренландияда әйелдерге мәжбүрлі контрацепция жасағаны үшін өтемақы төленеді

Сурет: pixabay
Гренландияда әйелдерге еркінен тыс жатырішілік спираль (ЖІС) орнатылғаны үшін өтемақы төленеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дания 1960–1970 жылдары Гренландияда әйелдерге еркінен тыс жатырішілік спираль орнатқаны үшін өтемақы төлеуге келісім берді. Ресми үкімет мәлімдемесіне сәйкес, ол жылдары Дания билігі бала туу көрсеткішін бақылау науқаны аясында әйелдер мен қыз балаларға олардың келісімінсіз ЖІС орнатқан.

Көптеген әйелдер бұл әрекеттің салдарынан ауыр асқынуларға, бедеулікке және психологиялық жарақаттарға ұшыраған. Бұл жайт жұртшылыққа белгілі болған соң, 143 жәбірленуші бірігіп, үкіметке қарсы ұжымдық талап-арыз беріп, 6 миллион доллардан астам өтемақы талап етті.

24 қыркүйекте Гренландия астанасы Нуук қаласында Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен мен Гренландия үкіметінің төрағасы Йенс-Фредерик Нильсен зардап шеккендер алдында ресми кешірім сұрайтын салтанатты рәсім өткізеді. Фредериксен Дания үкіметі гренландиялық әйелдерге жасалған мәжбүрлі шаралар мен басқа да жүйелі кемсітушіліктер үшін жауапкершілікті өз мойнына алатынын растады.

"Біз өткенді өзгерте алмаймыз, бірақ жауапкершілік алып, тарихпен татуласуға жағдай жасай аламыз", — деді ол.

Премьер-министр сонымен қатар үкімет зардап шеккен әйелдер мен басқа да кемсітушілікке ұшыраған гренландиялықтарға жеке өтемақы төлеу үшін арнайы татуласу қорын құратынын айтты.

Бұған дейін Мелания Трамптың Зеленскийдің әйелімен жеке кездесуден бас тартқанын жазғанбыз

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы