Бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған спортшы алаяқтық жасады деп айыпталуда

Сурет: Instagram/julia_.simon
Олимпиада жүлдегері және биатлоннан 10 дүркін әлем чемпионы, франциялық Жюлия Симон банк картасымен жасалған алаяқтық ісі бойынша сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Dauphiné Libéré басылымының жазуынша, спортшыға қатысты сот процесі 24 қазанда өтеді. Альбервиль прокуратурасы Симонға ұрлық және алаяқтық бойынша айыптар тағылғанын мәлімдеді. Бұл қылмыстар Франция мен Норвегия аумағында жасалған.

Тергеу барысында үш жәбірленуші анықталған, олардың бірі — Жюстин Бреза-Буше. Айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр.

2022 жылы Норвегиядағы Blinkfestivalen шаңғы ролик фестивалінде Жюлия Симон Жюстин Бреза-Бушенің несие картасын пайдаланып, интернет-дүкеннен тауарлар сатып алғаны туралы ақпарат тараған. Сол ақшамен ол GoPro тәрізді спорттық камера сатып алған.

Жалпы келтірілген залал 1000-нан 2000 еуро аралығында болған. Екінші шағым Франция құрамасының тағы бір мүшесінен түскен. Биатлоншы жауап алу үшін ұсталып, кейін босатылған.

Бұған дейін Өзбекстанда адам ағзаларын сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленгенін жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты