Қызының екінші телефонын тауып алған әке оны өлімші етіп сабап тастады - бойжеткен тіл тартпай кетті

Сурет: pexels
2024 жылдың 7 қарашасында Әзірбайжанның Забрат ауылының жатақханасында (Баку маңында) жағаұстатарлық қылмыс орын алды: ер адам өз қызын өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az дерегіне сүйенсек, Елмар Атакишиев (1962 жылы туған) түрмеде отырған кезінде қызы Жамиля Атакишиеваның жезөкшелікпен айналысып жатқанын біліп, түрмеден шыққаннан кейін оны өлтіруге шешім қабылдаған.

Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам қызының соңына түсе бастаған. Алғаш рет оны аңдып, стоматологиялық кабинетке дейін барып, ашық киімдегі қызын көргеннен кейін оны сол жерде-ақ ұрып тастаған.

Кейінірек Елмар үйдегі кезекті бір жанжалдың үстінде қызының екінші телефон пайдаланатынын біліп қалып, оны өлімші етіп сабаған. Қыз есінен танып қалған. Ал, үйден шығарда қатігез әкей отбасы мүшелеріне жедел жәрдем шақырмауды бұйырған. Дегенмен, көп ұзамай туыстары шақырған дәрігерлер тек қыздың өлімін тіркеді.

Осылайша, Баку ауыр қылмыстар соты Е. Атакишиевті 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін үш баласын балтамен ұрып өлтірген 30 жастағы ана түрме жазасынан босатылуы мүмкін екенін жазғанбыз. 

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді