Ашуға булыққан әйел ұшақта бортсеріктерге шабуыл жасады

Сурет: pixabay
61 жастағы америкалық Трейси Бархаймер ұшу кезінде бортсеріктерге шабуыл жасады, салдарынан әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kboi басылымының жазуынша, ұшақ Портлендтен (Орегон) Далласқа (Техас) бағыт алған. Алайда,кенеттен егде жастағы әйел ашуға булығып, орынсыз әрекеттерге барған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел оны тыныштандыруға тырысқан авиакомпанияның екі қызметкеріне қол көтерген. Нәтижесінде, қызметкерлер бүлік шығарған әйелді сапар аяқталғанға дейін оқшаулаған, ал ұшқыштар шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ Айдахо штатының Бойсе қаласына аман-есен қонды, онда егде жастағы америкалық әйел полиция қызметкерлерінің қолына берілді.Ол бүлік шығарып, қол көтерді деген айыппен қамауға алынды.

Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 12 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды