Грекияда 13 сағаттық жұмыс күніне қарсы наразылықтар басталды

Сурет: Х/olgagerovasili
2025 жылғы 14 қазан күні Афинада 13 сағаттық жұмыс күніне қарсы ауқымды наразылық шаралары өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Politico басылымының жазуынша, қала орталығындағы алаңдарға жүздеген адам жиналған. Олар Грекияның мемлекеттік сектор қызметкерлері кәсіподағының Жоғарғы кеңесінің шақыртуына үн қатқан. Бұл кеңес Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған жаңа заң жобасына қарсы шыққан.

Аталған министрлік жұмыс күнінің ұзақтығын 13 сағатқа дейін ұзартуға рұқсат беруді ұсынған. Ал наразылық білдірушілердің пікірінше, адамдар күніне жеті сағаттан артық жұмыс істемеуі керек. Олар сонымен қатар жалақыны көтеруді және еңбек құқықтарын жақсартуды талап етуде.

Грекия коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Димитрис Куцумбас:

"Еңбек етушілердің бүгіні мен болашағы – бұл 13 сағаттық құлдық емес, аптасына бес күн, күніне жеті сағаттық жұмыс уақыты, ұжымдық еңбек шарттары, лайықты жалақы, жұмыс орнындағы гигиена мен қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік жеңілдіктер және лайықты өмір сүру құқығы", – деп атап өтті.

Бұл наразылыққа көлік қызметкерлерімен бірге журналистер де қосылды. Соның салдарынан елде сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін ERT News телеарнасы мен бірнеше басқа БАҚ жұмысын уақытша тоқтатты. БАҚ сайттары да жаңартылған жоқ. Кейбір мемлекеттік құрылымдар да наразылық білдірушілерді қолдады.

Бұған дейін Трамп Time журналының мұқабасындағы сәтсіз суреті үшін ренішін білдіргенін жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты