Мәскеудегі мейрамханада тұтанға қызыл жалынды келушілер "шоу" ретінде қабылдаған

Сурет: pixabay
Мәскеудегі "Сыроварня" мейрамханасында болған оқиғада келушілердің бірі шынайы тұтанған отты шоу немесе тағам беру кезіндегі арнайы эффект деп ойлап, оны видеоға түсіре бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаның бейнесі "Первый московский" Telegram-арнасында жарияланды.

"Мәскеуліктер тағамды ерекше тәсілмен ұсынуға үйреніп кеткені соншалықты мейрамхана ішіндегі декор жанып кеткенде, оны шоу деп ойлаған", – делінген мәліметте.

Оқиға кезінде мейрамхана қызметкерлері құрғақ гүлдерден жасалған сәндік бұйымның тұтанып кеткенін байқап, оны сөндіруге кіріседі. Ал бұл сәтті сол маңда отырған бойжеткен еш қобалжымастан видеоға түсіріп отырған.

Мейрамхананың әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жағдай расталды.

"Біздің команда бұл жағдайды тез шешкені соншалықты тіпті қонақтар ештеңе байқамай да қалды!" – деп жазды мекеме өкілдері.

Алаудың тұтану себебі әзірге белгісіз. Желі қолданушыларының пікірінше, кейбір мейрамханаларда тағам мен сусынды жалынмен ұсыну жиі кездесетіндіктен, көрші үстелдегілердің реакция білдірмеуі түсінікті.

Бұған дейін қызғылт сары түсті iPhone 17 құрылғылары қызғылт түске өзгеріп жатқанын жазған болатынбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады