Қызғылт сары түсті iPhone 17 құрылғылары қызғылт түске өзгеріп жатыр

iPhone 17, телефон, байланыс құралы , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 14:42 Сурет: reddit
Сатылымға жаңадан шыққан iPhone 17 Pro және Pro Max модельдерінің түсі оңып, қызғылт түске айналып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде көптеген қолданушылар телефон корпусының түсінің өзгергенін жарыса жазуда. Айтуларынша, құрылғыдағы металл бетінің герметикалық қорғаныш қабаты біркелкі емес, нәтижесінде металл ылғал ауамен жанасқанда тотығып, түсін өзгерте бастайды.

Кейбір партияларда алюминийдің қорғаныс қабаты тым жұқа болып шыққан. Соның салдарынан бояу қабаты ауа ылғалдылығына шыдай алмай, оңып, басқа түске еніп кеткен.

Телефон иелерінің бірі былай деп жазды:

"Жаңа iPhone-ның металы небары бір айда ауада тұрып-ақ бүлініп жатыр."

Кейбір қолданушылар әзілдеп:

"Cosmic Orange деп сатып алдым, ал шын мәнінде Rose Gold (қызғылт алтын) болып шықты", – деп жазды.

Сурет: reddit

Бұл жағдай Apple компаниясы үшін жағымсыз жаңалық болып отыр, себебі жаңа модельдердің сапасына деген сенімге сызат түсті.

Бұған дейін жерде Оңтүстік Атлант аномалиясы кеңейіп жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: