Каспий теңізінің жағасы неге қызғылт түске енді
Фото: primeminister.kz
Ақтауда Каспий теңізінің жағасы қызғылт түске боялды. Бұл құбылыс қаңтар-ақпан айларында жыл сайын қайталанатын көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дегенмен Маңғыстау облысының экология департаменті теңіз суынан сынама алып, теңіз суында еш ластауыш заттың жоқ екенін анықтаған, деп хабарлады КТК телеарнасы.
Мамандар бұл теңіз жағасында балдырдың түсі екенін айтып отыр. Каспий флорасында қызыл балдырдың 22 түрі бар. Теңізде өсетін балдырлар қар жауған сәтте қызғылт түске енеді екен.
"Каспий теңізіне қар жауып жатқан кез болатын. Теңіз жағасында қар жатқандықтан, қар қызыл түске енген қалпы анық көрінеді. Негізі бұрын да Каспий теңізінде бар нәрсе. Қыста, қаңтар-ақпан айларында кездеседі, жыл сайын қайталанады".Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы Қайсар Нәдірбек
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript