Ресейде Whatsapp бұғатталуы мүмкін

Фото: unsplash
"Роскомнадзор" танымал WhatsApp мессенджерінің ел аумағында толық бұғатталуын ұйымдастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл заң талаптарын орындамаған жағдайда болады.


"WhatsApp-қа шектеулер енгізу жалғасады. Егер мессенджер Ресей заңнамасының талаптарын орындамаса, онда ол толығымен бұғатталады", – деп жазды РИА Новости жауапты органға сілтеме жасап.

Онда WhatsApp-ты терракт ұйымдастыру мақсатында, алаяқтық және өзге де қылмыстар үшін кеңінен қолданылып жүргені атап өтілді. Осыған қарамастан, мессенджер бұл әрекеттердің жолын кесу үшін шаралар қабылдамай отыр. Сондықтан, "Роскомнадзор" кезең-кезеңімен шектеулер ұйымдастырып, қолданушыларды басқа мессенджерлерге ауыстыруды көздеп отыр.

Бұған дейін Францияда бойжеткенді жыныстық-құлдыққа салғандарға үкім шыққанын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді