Солтүстік Кореяда K-pop тыңдаған, "Игра в кальмара" тәрізді сериалдарды көрген адамдар өлім жазасына кесілуде

Сурет: pixabay
Солтүстік Кореяда тұрғындарды, соның ішінде мектеп оқушыларын да, оңтүстіккореялық телехикаяларды көргені немесе K-pop музыкасын тыңдағаны үшін көпшілік алдында өлім жазасына кесу, еңбек лагерьлеріне жіберу немесе ауыр қоғамдық қорлауға ұшырату фактілері тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы адам құқықтарын қорғау, әділетсіздікке, азаптауға және кемсітушілікке қарсы күрес жүргізетін Amnesty International халықаралық тәуелсіз ұйымы мәлімдеді.

Ұйымның айтуынша, бұл деректерді Солтүстік Кореядан қашып шыққан азаматтар жеткізген. Олардың айтуынша, әлемге танымал "Аварийная посадка на тебя ", "Потомки солнца", "Игра в кальмара" сияқты оңтүстіккореялық сериалдарды көру немесе корей поп-музыкасын тыңдау ең ауыр жазаларға, тіпті өлім жазасына дейін әкелуі мүмкін.

Сұхбат берушілер қоғамда қорқынышқа толы атмосфера орнағанын, оңтүстіккореялық мәдениетті тұтыну ауыр қылмыс саналғанын айтады. Ал дәулетті отбасылар кей жағдайда жемқор шенеуніктерге пара беру арқылы жазадан құтылып кетуі мүмкін. 2012–2020 жылдар аралығында елден қашқан солтүстіккореялықтардың айтуынша, көп адам қауіп-қатерді біле тұра оңтүстіккореялық телебағдарламаларды көрген, ал жазаның ауырлығы көбіне төленген "өтемақы" мөлшеріне байланысты болған.


"Бірдей әрекет үшін ұсталады, бірақ жаза ақшаға байланысты кесіледі. Ақшасы жоқ адамдар түзету лагерінен шығу үшін 5 мыңнан 10 мың АҚШ долларына дейін жинау мақсатында үйлерін сатуға мәжбүр болады", – деді 2019 жылы КХДР-дан кеткен 39 жастағы Чой Сувин.

Ал 28 жастағы Ким Джунсик 2019 жылы елден кеткенге дейін оңтүстіккореялық сериалдарды көргені үшін үш рет ұсталғанын, бірақ отбасындағы байланыстарының арқасында жазадан құтылғанын айтты.

"Әдетте, жоғары сынып оқушылары ұсталған кезде, егер отбасының ақшасы болса, тек ескерту жасалады. Ал мені мүлде жазаламады, себебі бізде таныстар бар еді", – деді ол.

Әртүрлі провинциялардан түскен бұл хабарламалар осындай мәдени өнімдерге байланысты көптеген өлім жазаларының болғанын көрсетеді.

2025 жылы Amnesty International Солтүстік Кореядан қашып шыққан адамдармен 25 жеке сұхбат өткізген. Олардың ішінде 2019–2020 жылдары елден кеткен 11 адам бар, соңғы қашу 2020 жылдың маусымында тіркелген. Қашқан кезде олардың көпшілігі 15 пен 25 жас аралығында болған. COVID-19 салдарынан шекаралардың жабылуына байланысты 2020 жылдан бері елден қашу жағдайлары өте сирек кездеседі.

"16–17 жаста, орта мектепте оқып жүрген кезімізде бізді өлім жазаларын көруге апаратын. Адамдарды оңтүстіккореялық медианы көргені немесе таратқаны үшін ататын. Бұл – идеологиялық тәрбие: көрсең, сені де осындай тағдыр күтіп тұр деген ескерту", – деді 40 жастағы Ким Ынджу.

Бұған дейін Қытайда қылмыстық топ мүшелеріне өлім жазасы кесілгенін жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды