Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады

Сурет: pixabay
Booking.com 2026 жылға арналған саяхатшылар үшін әлемдегі ең қонақжай 10 қаланың тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейтинг Traveller Review Awards сыйлығының 14-ші жыл сайынғы қорытындысы және саяхатшылар қалдырған 370 миллионнан астам расталған пікір негізінде жасалған. Бұл туралы платформаның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әлемдегі ең қонақжай қала ретінде бірінші орынды Италиядағы Монтепульчано иеленді. Бұл – Тоскананың оңтүстігінде орналасқан, шамамен 14 мың тұрғыны бар ортағасырлық төбелі қала.

Мәліметке сүйенсек, қала жаяу серуендеуге өте қолайлы. Мұнда көлік қозғалысы жоқ көшелер көп, ауылдық стильдегі ренессанс сәулеті сақталған. Сондай-ақ қала атауымен аттас қызыл шарабымен де танымал.

Екінші орынды Тайваньдағы Магун қаласы алса, үшінші орынды Аргентинадағы Сан-Мартин-де-лос-Андес иеленді.

Рейтингтің үздік ондығы мынадай ретпен ұсынылған:

  1. Монтепульчано, Италия
  2. Магун, Тайвань
  3. Сан-Мартин-де-лос-Андес, Аргентина
  4. Харрогит, Ұлыбритания
  5. Фредериксберг, Техас, АҚШ
  6. Пиренополис, Бразилия
  7. Свакопмунд, Намибия
  8. Такаяма, Жапония
  9. Нуса-Хедс, Аустралия
  10. Клайпеда, Литва

Рейтинг құрастырушыларының айтуынша, бұл қалалардың барлығы жылы шырайлы атмосферасымен және саяхатшыларға деген ерекше ықыласымен ерекшеленеді. Олардың кейбірі жаппай туристерге онша танымал болмағанымен, қонақжайлығы жоғары бағаланған.

Бұған дейін Мадагаскарда дүлей дауыл соғып, қаланың астаң-кестеңін шығарғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қытай
АҚШ
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж