Мадагаскарда дүлей дауыл соғып, қаланың астаң-кестеңін шығарған
Сурет: бейнежазба скриншоты
Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, табиғи апаттан әсіресе Тоамасина қаласы қатты зардап шеккен. Алдын ала бағалаулар бойынша, қаладағы үйлердің шамамен 90 пайызы бүлінген. Осылайша, 250 мыңнан астам тұрғынға баспанасыз қалу қаупі төнген.
Ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып әкетіп, ірі ағаштарды тамырымен қопарып құлатқан.
Тәуекелдерді басқару және табиғи апаттар жөніндегі ұлттық басқарманың деректеріне сәйкес, тіркелген өлім-жітімнің басым бөлігі ғимараттардың құлауынан болған.
El ciclón Gezani deja al menos 31 muertos y devastación masiva en Toamasina, Madagascar. 🌪️Con vientos de 250 km/h, destruyó hasta el 90% de la infraestructura y afectó a más de 250 mil personas.
— NoticiasInternacionales (@ECInformativo) February 11, 2026
🌐https://t.co/mZfTH3qf7A #CiclónGezani #Madagascar #DesastreNatural #Toamasina pic.twitter.com/dY1lCQRTIB
Бұған дейін Үндістанда көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артқанын жазғанбыз.