Үндістанда көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны артып келеді
Фото: pxfuel
Үндістанның Мегалая штатында көмір өндіретін жерасты шахтасында динамит жарылды. Қайғылы оқиға 5 ақпанда болды. Қазіргі уақытта 31 адамның денесі табылып, тағы 10 адам жарақат алғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Meghalayan Express басылымының жазуынша, жарылыс заңсыз жұмыс істеп тұрған шахтада болған.
"Қаза тапқандар саны 31-ге дейін, жараланғандар саны 10-ға дейін өсті", – делінген Мегалая апаттарға қарсы күрес басқармасының мәлімдемесінде.
Тергеу жүргізілуде. Қайғылы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары екі адамды қамауға алғаны белгілі болды.
Басылымның мәліметінше, жергілікті билік аймақтағы заңсыз тау-кен жұмыстарына қарсы жедел шаралар қабылдауға дайындалып жатыр.
Бұған дейін Қырғызстанның бұрынғы ҰҚК басшысы өз отставкасы туралы пікір білдіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript